Тәртіпсіздік салдарынан 8 өңірде 53 мемлекеттік нысан бүлінді – ҚР ИИДМ

Сурет: Zakon.kz
ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі «қаңтар оқиғасы» кезінде бүлінген ғимараттарды қалпына келтіру жұмыстары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz
Бұзылған объектілерді қалпына келтіру бойынша әкімдіктердің жедел деректері бойынша, елімізде 8 өңірде 53 мемлекеттік нысан және 151 шағын және орта кәсіпкерлік нысаны зардап шекті. Әкімдіктер бүлінген нысандардың нақты санын күн сайын жаңартып отырады. Мемлекеттік комиссия барлық адамдар үшін бірыңғай қадамдық іс-қимыл алгоритмін әзірледі және объектілерді қалпына келтіру бойынша нақты мерзімді белгіледі. ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 

Өз кезегінде Sputnik Қазақстан сайты министрдің ақпараттын бүлінген ғимараттар осы жылдың 20 ақпанына дейін қалпына келтіру жоспарланып отыр деп толықтырған.

Осы күндері барлық өңірлерде келтірілген залалды бағалу үшін құрылған арнайы комиссия өз жұмысына білек сыбана кірісіп кетті.

Бұдан бөлек Қ. Өскенбаев  алдағы уақытта импорттық өнімдерді қысқарту жоспары барын айтты.

 

2025 жылға дейін өңірлерде жалпы сомасы 12  триллион теңгені құрайтын өңдеу өнеркәсібін, жаңа жұмыс орындарын құрумен  429 жобаны іске қосуды жоспарлап отыр. Жобалар өңірлік мамандарға сәйкес жүзеге асады. 2025 жылға дейін жалпы сомасы 2,7 триллионнан астам импортты алмастыру мақсатында 119 жобаны жүзеге асыру жоспарланған. Бұл 2025 жылға қарай өнімнің импортын 15%-ға қырқартуға мүмкіндік береді.Қазақстан Республикасының Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев 

 

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты