Тиісінше, өтімділікті ұсыну жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме 11,25%, ал өтімділікті алу жөніндегі тұрақты қолжетімді операциялар бойынша мөлшерлеме – 9,25% болады. Шешім инфляциялық күтулерді төмендету және инфляцияның 2022 жылдың соңына қарай белгіленген 4-6% нысаналы дәлізге кіру қажеттілігі ескеріле отырып қабылданды. ҚР Ұлттық банкі
Әлем экономикаларының көпшілігінде, оның ішінде Қазақстанның негізгі сауда әріптес елдерінде инфляцияның жоғары деңгейде болуы жалғасуда. Соңғы айларда дезинфляциялық процестердің болуына қарамастан, ішкі конъюнктура сұраныс тарапынан, сол сияқты ұсыныс тарапынан да инфляцияға қарсы елеулі тәуекелдердің болуымен сипатталады.
Әлемдегі ең ірі экономикалардағы және негізгі сауда әріптес елдердегі инфляция әлі де жоғары деңгейде. АҚШ-та инфляция 1982 жылдан бастап алғаш рет 7,0%-ға дейін көтерілді. 2021 жылғы желтоқсанда ЕО-да тұтынушылық инфляция 5,3%-ға дейін, Германияда – 1992 жылдан бастап алғаш рет 5,7%-ға дейін өсті. Қытайда бағаның өсуі 2021 жылғы қарашада 15 айлық ең жоғарғы көрсеткішке жетті (2,3%), содан кейін 2021 жылғы желтоқсанда 1,5%-ға дейін төмендеді. Ресейде инфляция 2021 жылғы желтоқсанда бұрынғы жоғары – 8,4% деңгейінде қалды.
Әлемдік азық-түлік нарығында баға өсуінің аздап баяулауы байқалады. ФАО азық-түлік бағалары индексі 2021 жылғы желтоқсанда алдыңғы аймен салыстырғанда (қарашадағы өсу – 1,3%) сүт өнімдерін қоспағанда, азық-түлік тауарларының барлық шағын топтарына бағалардың төмендеуі нәтижесінде 0,9%-ға төмендеді. Бұл ретте жылдық көрсетуде индекстің өсуі 23,1% (қарашадағы жылдық өсу – 27,8%) болды.
Қазақстанда 2021 жылғы желтоқсанда жылдық инфляция 8,4%-ға дейін төмендеді. Инфляцияға қарсы ден қою шараларын іске асыру жағдайында бағаның айлық өсу қарқыны 2021 жылғы қараша-желтоқсанда орташа деңгейден төмен болды. Азық-түлік инфляциясы 2021 жылғы желтоқсанда елеулі түрде төмендеп, жылдық көрсетуде 9,9% болды.
2021 жылдың қорытындысы бойынша жылдық көрсетуде қызылша бағасы 73%-ға, қырыққабат – 37,5%-ға, сәбіз – 29,5%-ға, картоп – 20,2%-ға өсті. Ет, нан-тоқаш өнімдері мен жармалар, сондай-ақ алкогольсіз сусындардың жылдық инфляциясының жылдамдауы байқалады.
Азық-түлікке жатпайтын жылдық инфляцияның ағымдағы қазіргі мәні 2018 жылғы мамырдан бастап алғаш рет байқалып отыр. ЖЖМ (23,2%), автомобильдер (14,7%) және қатты отын (9,5%), оның ішінде көмір (9,8%) бағасының өсуі негізгі үлес қосуда. Бензин бағасының жылдық өсуі 19,6%-ға дейін, дизель отыны – 46,5%-ға жылдамдады.
Ақылы қызметтердің жылдық инфляциясы реттелетін коммуналдық қызметтер, шаштараздар, мейрамханалар мен қонақ үйлер қызметтері бағаларының барынша қалыпты өсуі аясында 2021 жылғы желтоқсанда 6,5%-ға дейін (2021 жылғы қазан – 6,9%, 2020 жылғы желтоқсан – 4,2%) баяулады. Реттелетін коммуналдық қызметтер тарифтерінің өсуі орталықтан жылу беру және ыстық су тарифтерінің төмендеуі нәтижесінде 4,1%-ға дейін баяулады. Бұл ретте, өсу қарқыны 2020 жылғы желтоқсан деңгейінен әлі де асып отыр.ҚР Ұлттық банкі