АҚШ-тың Ресейге қарсы санкциялары әлемдік қаржы жүйесіне кері әсер етуі мүмкін

Сурет: pixabay
Ресей Еуропаға табиғи газ тасымалдауды тоқтату немесе америкалық және еуропалық инфрақұрылымдарға кибершабуылдарды ұйымдастыру арқылы әлемдік экономикаға кері әсерін тигізуі мүмкін, деп хабарлайды Zakon.kz.

АҚШ-тың Ресейге қатысты ықтимал шектеулері қаржылық дүрбелең тудыруы мүмкін және әлемдік экономикалық жүйеге айтарлықтай соққы беруі ықтимал, деп жазады New York Times.

Атап айтқанда, санкциялар қатты инфляцияның орын алуын, қор нарығының құлдырауын және қаржылық дүрбелеңнің басқа түрлерін тудыруы мүмкін, бұл миллиардерлерден бастап шенеуніктер мен орта таптарға дейінгі "америкалықтарға ауыр тиеді".

АҚШ-тың ресми тұлғалары, егер Ресей Украинаға басып кірсе, оның ең ірі банктері мен қаржы институттарына дейін санкция салу түріндегі қатаң экономикалық шараларды қабылдауға уәде береді.

Бір де бір ел ешқашан Ресей сияқты ірі қаржы институттары мен экономикаға қарсы санкциялар салуға тырыспады. АҚШ-тың ресми тұлғалары уәде еткен "тез әрі қатал" шаралар ірі экономикаларды, әсіресе Еуропаны, тіпті әлемдік қаржы жүйесінің тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.The New York Times

Кейбір сарапшылар жағдайдың ушығу ықтималдылығын ескертеді.

Ресей Еуропаға табиғи газ тасымалдауды тоқтату немесе америкалық және еуропалық инфрақұрылымдарға кибершабуылдарды ұйымдастыру арқылы әлемдік экономикаға кері әсерін тигізуі мүмкін, делінеді мақалада.

Ресей
АҚШ

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада Құрылтай сайлауы күні 25 сәби дүниеге келді

"СОЦИС-А" Құрылтай сайлауы бойынша экзитпол нәтижелерін жариялады

2026 жылғы 1 шілдеден бастап Салық кодексінде не өзгереді

Алматыда өрт болды: тұрғындар эвакуацияланып, зардап шеккендерге көмек көрсетілді

Студенттер жатақханасына орын бөлу тәртібі жаңарды