Алтын валюта резервтерінің төмендеуі мемлекеттік борышты төлеуге байланысты активтердің валюталық бөлігі, Үкіметтің шоттары бойынша және Ұлттық Банк клиенттерінің корреспонденттік шоттары бойынша операциялар, сондай-ақ валюталық интервенциялар есебінен болды.
Алдын ала деректер бойынша елдің жалпы халықаралық резервтері Ұлттық қордың шетел валютасындағы активтерін (55,3 млрд АҚШ доллары) қоса алғанда, 2021 жылғы желтоқсанның соңында 89,7 млрд АҚШ долларын құрады.
Ақша базасы 2021 жылғы желтоқсанда 4,6%-ға кеңейіп, 10 957,7 млрд теңгені құрады (жыл басынан бастап 12,1%-ға кеңейді). Тар ақша базасы, яғни екінші деңгейдегі банктердің Ұлттық Банктегі мерзімді депозиттерін есептемегендегі ақша базасы 12,9%-ға 6 945,4 млрд теңгеге дейін кеңейді (жыл басынан бастап – 36,5%-ға кеңейді).
2021 жылғы желтоқсанда ақша массасы 4,9%-ға өсіп, 30 099,3 млрд теңге болды (жыл басынан бастап 20,8%-ға өсті), айналыстағы қолма-қол ақша 2 997,7 млрд теңгеге дейін 3,2%-ға ұлғайды (жыл басынан бастап 6,0%-ға өсті).