«Ашығын айту керек, таза атом энергиясы болмаса, біз инвестицияны айтпағанда, бүкіл экономикамыздан айырыламыз» деп мәлімдеді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Электрмен жабдықтау жүйесінің жұмысында тұрақты іркілістер болып тұрды. Бұған ең жарқын мысал – жақында ғана еліміздің оңтүстігінде болған электр қуатының үзілуі.Қасым-Жомарт Тоқаев
Президент еліміз көршілес мемлекеттердің энергетикалық жүйесінің жұмыс сапасына тәуелді екенін, сонымен бірге елдің энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселесін жедел шешу қажет екенін айтты.
Жауапты тұлғалар атом электр стансасының құрылысына қатысты сұрақтарға жауап бермей, қашатынын түсінбей-ақ қойдым. Таза атом энергиясынсыз біз бүкіл экономиканы жоғалтамыз. Инвестицияны айтпағанда, өңірлік көшбасшылықтан айырыламыз. Бізге, елімізге электр энергиясы – ядролық, таза электр энергиясы өте қажет. Экономикадағы шындықты түсінбейтін популистердің жетегіне ермеу қажет. Атом энергиясының маңызын халыққа кәсіби түрде түсіндіру керек.Президент
3 ақпанда ҚР Энергетика министрі Болат Ақшолақов АЭС салу мәселесі өте өткір екенін айтып, әзірше шешім жоқ екенін мәлімдеген.