Қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару жеңілдетіледі

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік кірістер комитеті шикізат экспорттаушыларына қосылған құн салығының асып кеткен сомасын қайтару жеңілдетілетінін мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ведомство өкілдерінің айтуынша, мұндай артықшылықтарға шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде жартысын ұлттық валютаға айырбастаған экспорттаушылар ие болады.

Осы мақсатта салық кезеңі ішінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асыратын кәсіпкерлік субъектілерінің тізбесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының үкіметі қаулысының жобасы әзірленіп жатыр.

Салық кодексінің 434-бабына салық кезеңінде шикізат экспортынан түскен валюталық түсімнің кемінде 50 пайызын айырбастауды жүзеге асырған кәсіпкерлік субъектілері үшін қосылған құн салығының асып кету сомасын қайтарудың оңайлатылған тәртібін белгілейтін түзету енгізілген. Бұл ретте, экспорттаушылар Салық кодексінің 429-бабы 2-тармағының талаптарына сәйкес келсе, қосылған құн салығынан қалыптасқан асып кету сомасының 80 пайызынан аспайтын мөлшерін салықтық тексерусіз 15 жұмыс күні ішінде қайтара алады. ҚР ҚМ мемлекеттік кірістер комитеті

Комитеттегілер жобаны іске асыру республикалық бюджеттен қаражат бөлуді талап етпейтінін айтып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз