Отынға акциз мөлшерлемесін арттыру қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді – ҚР ҰЭМ

Сурет: pixabay
Қазақстан Республикасының Ұлттық экономика министрлігі «Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2018 жылғы 6 сәуірдегі № 173 қаулысына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Үкіметі қаулысының жобасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Жобада мыналар көзделген:

– өндірушілердің бензинді, газохолды, бензанолды, мұнай еріткішін, жеңіл көмірсулар қоспалары мен экологиялық отынды көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасына 24 435 теңгеден 38 134 теңгеге дейін ұлғайту;

– өндірушілердің дизель отынын көтерме саудада өткізуіне арналған акциздер мөлшерлемесін 1 тоннасы үшін 9 300 теңгеден 35 726 теңгеге дейін ұлғайту;

– дизель отынына акциздердің маусымдық өзгеруін болдырмау;

– дизель отынының импортына акциздердің тең мөлшерлемесін белгілеу;

– дизель отынына ЕАЭО СЭҚ ТН кодтарын нақтылау.

Заң жобасын әзірлеушілердің айтуынша, акциз мөлшерлемелерін ұлғайту мемлекеттің әлеуметтік-экономикалық міндеттерін іске асыруды қамтамасыз ету үшін бюджетке қосымша қаражат тартуға мүмкіндік береді.

Бұл ретте, «Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2015 жылғы 19 мамырдағы № 361 бұйрығына өзгеріс енгізу туралы» Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің м.а. 2022 жылғы 6 қаңтардағы № 2 бұйрығына сәйкес, ЖЖМ бөлшек саудада өткізуге шекті бағалар белгіленді, сондықтан жанар-жағармай бағасы көтерілмейді.ҚР Ұлттық экономика министрлігі
Нұр-Сұлтан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

СҚО-да екіқабатты қонақ үй отқа оранды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

Жапонияда қатты жер сілкінісі болды