Қашағанда мұнай өндірісі жоспарлы мерзімінен бұрын жанданды

NCOC компаниясы Қашаған кен орнындағы теңіз және құрлық нысандарында жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстарын ойдағыдай аяқтағанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания хабарламасында өндірістік операцияларды толықтай тоқтату кезінде NCOC қажетті техникалық күтім жасау және тексеру жұмыстарын жүргізіп, өндірістік операциялардың қауіпсіздігі мен сенімділігін қамтамасыз ету бағытындағы бірқатар жобаны аяқтағаны да айтылады.

Осындай кең ауқымды жұмыстарды қауіпсіз әрі уақтылы орындауға 10 000-нан астам адам, негізінен қазақстандық азаматтар жұмылдырылды. 

NCOC үшін бұл жоспарлы-алдын алу мақсатындағы жөндеу жұмыстары нысанның бүтіндігін қамтамасыз ету, сенімділігін және өндіріс көлемін арттыру бағытындағы айтулы кезең болып табылады.... Барлық атсалысқан тараптарға - мердігерлеріміз, акционерлеріміз бен мемлекеттік органдарға осы маңызды жобаны уақтылы және ойдағыдай аяқтау мақсатында көрсеткен қолдаулары мен қосқан үлестері үшін алғыс білдіргім келеді. NCOC компаниясының Басқарушы директоры Оливье Лазар

Жұмыстар аяқталғаннан кейін NCOC ұңғымаларды қайта ашып және өндірістік жүйелерді қалыпты жұмыс режиміне ауыстырып, теңіз және құрлық нысандарын біртіндеп қайта іске қоса бастады. NCOC қауіпсіздік пен өндірістің тұрақтылығына басты назар аудара отырып өндіріс көлемін арттыруды бұдан әрі жалғастыра бермек.

Атырау
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: