Дауыл салдарынан істен шыққан КҚК-К нысандарында жұмыс қайта жанданды

Сурет: Facebook/cpcpipe
Каспий құбыр консорциумының баспасөз қызметі Теңіз — Новороссийск мұнай құбырындағы екі мұнай айдау станциясы штаттық режимде жұмыс істеп жатқанын жеткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.
2022 жылы 29 шілдеде "КҚК-К" АҚ-тың "Құрманғазы" және "Исатай" мұнай айдау станцияларында мұнай құбыры объектілерінің штаттық жұмыс режимін қалпына келтіруге мүмкіндік беретін кернеу берілді, деп хабарлайды РИА Новости консорциумның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Қазіргі уақытта Теңіз-Новороссийск мұнай құбыры жүйесі штаттық режимде жұмыс істеп тұр. Бұл мұнай жөнелтушілер өтінімдерінің орындалуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

27 шілдеден бастап "Құрманғазы" және "Исатай" станциялары қолайсыз ауа райы жағдайлары мен бірнеше электр бағанының құлауына байланысты электр қондырғысынан ажыратулы болған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты