Мұнай бағасы төмендеді

Сурет: pixabay
Дүйсенбі күні таңертең мұнайдың әлемдік бағасы 1%-дан астам арзандады. Инвесторлар сұраныс жағынан да, ұсыныс жағынан да бірқатар факторларды бағалады, деп хабарлайды Zakon.kz.
Нұр-Сұлтан уақытымен сағат 12:02-дегі жағдай бойынша Brent маркалы мұнайдың қазан айындағы фьючерстерінің бағасы барреліне 97,05 долларға дейін, WTI қыркүйектегі фьючерстері 1,13 пайызға, 91,05 долларға дейін арзандады, – делінген 1prime.ru хабарламасында.

Қытайдан алынған статистика мұнай бағамына кері әсерін тигізуде – шілдеде ірі өнеркәсіптік кәсіпорындардың өнім көлемі жылдық мәнде 3,8%-ға өсті. Ал сарапшылар «4,6% өседі» деп болжаған еді. Мұндай статистика «аурушаңдық нөл» саясатына байланысты коронавирустық шектеулер ескеріліп, шығарылған.

Нарықтар қара алтын ұсынысының да ұлғаюын көрсететін факторларды ескеруде. Инвесторлар АҚШ пен Иран арасындағы Ираннан мұнай жеткізуді қайта қалпына келтіруге қатысты келіссөздерді бақылап отыр.

Қытай

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!

Алина Чистякова жеңіл атлетикадан Азия чемпионы атанды

Еліміз бойынша 11 маусымға арналған ауа райы болжамы

Австралияда маса шағып, сирек кездесетін вирус жұқтырған турист көз жұмды