Құзырлылардың айтуынша, газ тапшылығы жергілікті «СНПС Ақтөбе мұнайгаз» зауыты мен Атырау мұнай өңдеу зауытының кезекті жөндеу жұмыстарына тұрумен байланысты. Сондықтан қосымша «Қазахойлдан» 700 тонна сұйытылған газ бөлінген. Бірақ оның тең жартысын Энергетика министрлігі Қызылорда облысына берді, - дейді газ тасымалдаушы компаниялар қауымдастығының басшылығы, делінген Астана телеарнасының сюжетінде.
Бүкіл қаланы айналып келіп тұрмын. Газ жоқ. Нөл. Бүкіл қаланы айналып келіп тұрмын. Былай талон дейді да 60-70 теңгеден босатады кейбірі. Үстіне баға қосып тұр. Тұтынушы
"Казахойл" біздің облысқа қосымша 700 тонна сұйытылған газ бөлді. Оның тең жартысы 355 тоннаны Энергетика министрлігі Қызылорда облысына автотасымалмен беріп отыр. Бұл дұрыс емес. Ақтөбе облысы газ тасымалдаушы компаниялар қауымдастығының төрайымы Алтынай Мұқанова
Облыстың қыркүйек айына сұйытылған газ бойынша қажеттілігі -13 мың 500 тонна. Әзіргі соның 10 мың 500 тоннасы ғана бөлінді, - дейді құзырлылар.
Айдың басында енді шамалы тапшылық болады. Өйткені себебі зауыттармен келісімшарт жасалу күндері болады. Ал айдың аяғына қарай болуы мүмкін тапшылыққа. Бірақ соны жабу үшін қосымша тағы 1 мың тонна энергетика министрлігіне өтінім жолдайтын боламыз. Ақтөбе облыстық ТҮКШ және энергетика басқармасының басшысы
Ақтөбеде 51 мыңнан астам көлік сұйытылған газбен жүреді. Бұл - өңірдегі көліктің 30 пайызы. Облыстың қажеттілігін толық өтеу үшін өңірге қосымша тағы 2 мың тонна сұйытылған газ қажет.