Қазақстанда жыл басынан бері ЖІӨ өсімі 2,8 пайыз болды

Сурет: pexels
Үкімет отырысында ҚР Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров еліміздің 2022 жылдың тоғыз айындағы әлеуметтік-экономикалық дамуы туралы айтты, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.

Ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, қаңтар-қыркүйек айларында Қазақстан экономикасының өсу қарқыны 2,8 пайыз болды, оның ішінде нақты сектордағы өсім 3,1 пайыз, қызмет көрсету саласында 1,9 пайыз болды.

Министрдің айтуынша, салалардың ішінде оң өсім ауыл шаруашылығында, ақпарат және коммуникациялар, құрылыс, көлік және қойма шаруашылығында, өңдеу өнеркәсібінде, сауда және тау-кен өнеркәсібінде байқалды.

Негізгі капиталға инвестицияның өсу қарқынының 7%-ға дейін үдеуі байқалады. Әлібек Қуантыров

Мәселен, ҚР Ұлттық экономика министрлігі басшысының айтуынша, білім саласына инвестиция ағыны 45,7%-ға, саудаға – 23,3%-ға, құрылысқа – 22,9%-ға, жылжымайтын мүлікпен операцияларға – 17,5%-ға, тау-кен өнеркәсібінде – 10,7%-ға, көлік және қойма шаруашылығында – 9,2%-ға, ауыл шаруашылығында – 7,5%-ға өсті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Магистратура бойынша білім гранттары иегерлерінің тізімі жарияланды

Балағат сөз үшін қандай жағдайда және қанша айыппұл салынады

Тоқаев Қазақстан – Ресей өңіраралық ынтымақтастық форумында не айтты