Астана – Новосибирск бағытындағы рейстер уақытша тоқтатылды

Сурет: QAZAQ AIR
QAZAQ AIR әуекомпаниясы 30 қазандағы Астана – Новосибирск бағытындағы рейстің тоқтатылғанын, сондай-ақ Астана – Новосибирск, Өскемен – Новосибирск халықаралық тұрақты бағыттары бойынша ұшақтардың уақытша ұшпайтынын мәлімдеді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Компания атап өткендей, бұған Ресей Федерациясы авиациялық басшылығының аталған бағыттар бойынша ұшуды орындауға рұқсат беруден бас тартуы себеп.

Жолаушыларға билеттер құнын толығымен қайтару ұсынылады. Ақшаны қайтару билеттерді сатып алған жерде жүзеге асырылады. Егер билет авиакомпаниядан сатып алынған болса, қайтару туралы өтінішті, брондау номері мен кері байланыс мәліметтерін info@flyqazaq.com поштасына жолдау қажет. Егер билет агенттікте сатып алынған болса, сол агенттікке хабарласуыңыз керек.

Авиакомпания уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Біз барлық жолаушыларды кестенің алдағы өзгерістері туралы хабардар етеміз.
Ресей
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Қызылордада жасөспірім бұрауыш жарақатынан көз жұмды: қайғылы оқиғаға 1000 теңге себеп болуы мүмкін