Елімізде ірімшік бір жыл ішінде 31,4 пайыз қымбаттады

Сурет: pixabay
Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, қазан айында Қазақстанда қатты ірімшіктің орташа бағасы келісіне 4378 теңге болды. Өткен жылдың қазан айымен салыстырғанда, бұл өнім бағасы 31,4 пайыз өскен, деп хабарлайды Zakon.kz.

Статистика мамандарының айтуынша, ірімшікке ең жоғары баға Қарағандыда тіркелді, мұнда ірімшіктің орташа бағасы келісіне 5356 теңге.

Астанада ірімшіктің орташа бағасы 4880 теңге болса, Алматыда ірімшіктің келісіне орта есеппен 4700 теңге, Таразда 4782 теңге жұмсайсыз.

Ең төмен баға Қонаев қаласында тіркелді, мұнда ірімшіктің келісі орта есеппен 3153 теңге тұрады.

2022 жылғы қаңтар-тамыз айлары аралығында Қазақстанда 24 409,9 тонна ірімшік пен сүзбе өндірілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 8,3% аз.

Қазақстандық ірімшік (сүзбені қоса алғанда) негізінен ТМД елдеріне (РФ, Армения, Қырғызстан, Әзірбайжан, Өзбекстан), сондай-ақ Корея мен Моңғолияға экспортталды.

Импорттың негізгі көлемі РФ, Беларусь, Украина, Латвия, Иран елдерінен келеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанда танымал шай түрлерінен қауіпті қоспалар анықталды

Павлодарда кәмелетке толмаған қызды зорлаған ер адам 15 жылға сотталды

Енді біржолғы зейнетақы төлемдеріне жер алуға болады – Отбасы банк

Қазақстанда педагогтерді аттестаттау ережелері жаңартылды

Қазақстан халқының нақты саны белгілі болды