Үкімет Қазақстанда азық-түлік қымбаттауының басты себебін атады

Сурет: Zakon.kz
Үкімет отырысында ҚР премьер-министрінің орынбасары – Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин азық-түлік бағасының өсуіне қатысты сауалға жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Негізгі мәселе – біз өнімді ең қажет уақытқа дейін – көктемнің басынан ортасына дейін сақтай алмаймыз. Сақтау орындары өте аз. Оның ішінде әсіресе климат бақылауы бар орындар аз". Сауда және интеграция министрі Серік Жұманғарин

Оған мысал ретінде 1,5 жыл ішінде сүт өнімдері, тауық еті өндірісін арттырған Солтүстік Қазақстан облысы туралы айтты.

"Ол үшін қаражат көп қажет болған жоқ. Бүгінде біз сол тәжірибені сараптай келе оны биыл да қайталағымыз келеді. Әр облысқа 20-25 млрддан бөлуге болады", - деп қосты Серік Жұманғарин.

Бұған дейін Үкімет отырысында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашүкеев елімізде көкөніспен қамтамасыз етудің де, оның бағасының да жағдайы тұрақты деп сендірді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды