Министр екі шағыралатын айлақ құрылғылары қазірдің өзінде жұмыс істеп жатқанын, ал үшіншісі жөндеуге қойылғанын атап өтті.
"Алдында 25 күні іске қосылады деп уәде етілгенін білемін, бірақ сәл кешіктік. Өйткені ауа райына еге бола алмаймыз ғой, дауыл тұпы алды, қазан айының соңынан сәл кешірек аяқтадық, қараша айында іске қостық, бәрі жақсы болды". Болат Ақшолақов
Сонымен қатар министр Ресей құбырды мемлекет меншігіне айналдыру туралы шешім қабылдаса, не болады деген сұраққа жауап берді.
"Бұл жағынан біз ештеңе білмейміз, ондай бізде ешқандай мәлімет жоқ. Ешқашан талқылаған да емеспіз. Бірақ кез-келген мұнай құбыры үшін, кез-келген инфрақұрылым сияқты, ең бастысы - ол жұмыс істеп тұрса болғаны. Сондықтан бізге мұнай аудау әлдеқайда маңызды. Экспорттау мүмкіндігі бар. Өйткені өндірісінің мүмкіндігі мен қабілеті осыған байланысты. Ең бастысы - мұнай өндірісі ғана емес, оны ары қарай бір жерге сату керек емес пе? ". Болат Ақшолақов
Министр мұнай өндірісінің өсімі туралы сұраққа да жауап берді.
"Мұнай өндірісінің көлемі ұлғаюы мүмкін, Дегенмен өндіріс көлемі жыл сайын біртіндеп өсе алмайды, мысалы жыл сайын 5% деген бұл мүмкін емес нәрсе. Оның барлығы инфрақұрылымның дайындығына байланысты. Біріншіден, кен орындарының өзі, екіншіден, дайындық пункттері, өйткені мұның бәрі таза тауар ретінде өндірілмейді ғой, сұйықтық өндіріледі, оны дайындау керек, газды бөліп алу қажет, бұл - үлкен бүтін процесс. Сондықтан өндірістің өсімі инфрақұрылымның өрістеуімен байланысты. Теңізден не күтеміз, осы айтқанымның барлығын соған қатысты. Себебі 2024 жылы болашақ даму жобасы бойынша бүкіл кешендегі жұмыс аяқталады. Ал сонда бірден 12 миллион тоннаға күрт өсімнің орын алуына мүмкіндік туады". Болат Ақшолақов
10 қарашада Премьер-министр Әлихан Смайылов КҚК-да екі шығарылатын айлақ құрылғыларын (ВПУ) жөндеу жұмысы қазан айында аяқталуы керек болғанын атап өтті.