Қазақстанда қараша айында инфляция 0,2%-ға кеміді

Сурет: Zakon.kz
Ұлттық статистика бюросы ұсынған мәлімет бойынша, қараша айында айлық инфляция деңгейі қазанмен салыстырғанда 0,2 пайыздық тармаққа төмендеп, 1,4% болды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Ал қазанға қарағанда өткен айда азық-түлік тауарлары 1,8%-ға, азық-түлікке жатпайтын тауарлар 1,6%-ға, ал ақылы қызметтер 0,8%-ға қымбаттады.

Азық-түлік тауарларының ішінде қияр – 41,5%, қызанақ – 26,1%, жұмыртқа – 6,7%, пияз – 5,9%, күріш – 3,5%, қаймақ – 3,4%, жаңа піскен жеміс – 3%, тұздалған майшабақ – 2,7%, айран – 2,5%, сүт – 2,4%, кондитерлік өнімдер – 1,6%, ірімшік және сүзбе 1,5% қымбаттады. Сәбіз – 2,9%, құмшекер 1,9% арзандады.

2022 жылғы қазанмен салыстырғанда қарашада азық-түлікке жатпайтын тауарлар бағасы 1,6% өсті. Дизель отыны – 13,9%, тас көмір – 2,6%, ағаш отыны 1,6% қымбаттады. Жуу және тазалау құралдарының бағасы 4,1%, жеке пайдаланылатын тауарлардікі – 2,8%, киім және аяқкиім, ыдыс, тоқыма бұйымдары 1,6% өсті.

Ақылы қызметтердің баға деңгейі өткен айда 0,8% өсті. Бағаның өсуі қоғамдық тамақтандыру қызметтеріне 2,7%, монша қызметтеріне – 1,9%, шаштараз бен сұлулық салондары қызметтеріне – 1,8%, денсаулық сақтау, демалыс және спорттық іс-шаралар саласындағы қызметтерге – 1,7%, қонақ үй қызметтеріне 1% өсті.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, инфляция 2022 жылғы қарашада жылдық есептеуде 19,6% болды. Азық-түлік тауарларының бағасы 24,1%, азық-түлікке жатпайтын тауарлардікі 18,6%, ақылы қызметтердікі 14,1% өсті.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты