Қазақстанда "Яндекс. Такси" тарифтеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр

Сурет: polisia
ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының бірінші орынбасары Рустам Ахметов мемлекеттік органның азық-түлік, ұялы байланыс және такси бағаларын тұрақтандыру жөніндегі жұмысы туралы айтып берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

БҚДА баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қазақстанда такси нарығындағы " Яндекс. Такси" тарифтеріне қатысты тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр. Бұл ұйым 17-20% комиссия алады және динамикалық баға белгілеуді қолданады. Әсіресе, жаңбыр, қар, мереке күндері тұтынушыларға қызмет түрі сұраныстың артуына байланысты айтарлықтай қымбатқа түседі. Егер монополиялық-жоғары бағалар анықталса, онда шаралар қабылданып, комиссия төмендетілетіні де айтылады.


"Тұтастай алғанда, такси нарығын цифрландыру кез келген жағдайда нарықты монополиялауға алып келді. Өйткені мұнда маржиналдылық жоғары емес. Агрегаторлар қызмет көлемін ұлғайту арқылы ақша табады. Екінші жағынан, агрегатордың қызметіне сұраныс неғұрлым жоғары болса, оның бағасы соғұрлым жоғары болады. Тарифтердің өсуі осыған да байланысты. Дегенмен, бұл нарықта бәсекелестік бар. Сонымен қатар " Яндекс. Такси " InDriver, басқа агрегаторлар және такси компаниялары бар. Мұнда барлығын клиент шешеді", - деп түсіндірді БҚДА басшысының орынбасары.
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

"Үздік педагог" атағын беру тәртібі: не өзгерді

Астана, Алматы және Шымкенттегі валюта бағамы – 10 қыркүйек

Инвестициялық серпін: Қазақстан 124 млрд долларлық қандай мегажобаларды жүзеге асырмақ?