KEGOC апаттық режим туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді

Сурет: Zakon.kz
"KEGOC" АҚ Қазақстанның энергожүйесінің бірқатар аймақтарында апаттық режим енгізу туралы ақпаратқа қатысты түсініктеме берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұған дейін ҚР Бірыңғай электр энергетикалық жүйесінің жүйелік операторы ірі өнеркәсіптік кәсіпорындар үшін электр энергиясы тұтынысына шектеулер енгізе отырып, энергия жүйесінің Солтүстік, Оңтүстік, сондай-ақ Батыс аймақтары бойынша апаттық режим жариялағаны туралы ақпарат пайда болған еді. 


"KEGOC" АҚ баспасөз қызметі 15 желтоқсанда "апаттық" режим жарияланбағанын нақтылап айтты.



"Апат" режимі Қазақстан – Орал мемлекетаралық түйісу желісіне шамадан тыс жүктеменің түсуіне, ҚР энергожүйесінде 1 мың МВт-тан астам көлемде қуат тапшылығының орын алуына байланысты 8 және 14 желтоқсанда Солтүстік және Оңтүстік энергетикалық аймақтарда жарияланды". "KEGOC" АҚ баспасөз қызметі

Компанияда атап өткендей, болашақта "Апат" режимі мемлекетаралық және өңіраралық электр беру желілерінде авариялық шамадан тыс жүктемелер түсу кезінде туындайтын Бірыңғай электр энергетикалық жүйенің қалыпты жұмысының бұзылу қаупі төнген кезде ғана енгізілетін болады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды