Президент 2022 жылғы 22 желтоқсанда ҚР "Қазақстан Республикасы азаматтарының төлем қабілеттілігін қалпына келтіру және банкроттығы туралы" Заңына қол қойды. Бұл ресми жарияланғаннан кейін 60 күн өткеннен соң күшіне енеді.
Бұл – қарызын өтей алмайтын азаматтардың 2023 жылғы 3 наурыздан бастап банкроттыққа өтініш бере алады деген сөз.
Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінің хабарлауынша, банкроттық туралы заң рәсімнің үш түрін көздейді, олар – соттан тыс банкроттық, сот арқылы банкроттық және төлем қабілеттілігін қалпына келтіру. Аталған рәсімдерге тек қарыз алушының өзі өтініш бере алады, яғни кредитор борышкердің банкроттығына өтініш беруге құқы жоқ.
- 5 жыл бойы қарыз және микрокредит алуға тыйым салынады (ломбардтардың микрокредиттерін алуды қоспағанда );
- қайта банкроттық болу 7 жыл өткен соң ғана мүмкін болады;
- банкрот болған тұлғаның қаржылық жағдайына банкроттықтан кейін 3 жыл бойы мониторинг жүргізілетін болады.
Жеке тұлғаның банкроттығы тәртібі туралы толыққанды ақпарат ҚР Қаржы министрлігінің және ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитетінің интернет-ресурстарында жарияланады.
Қосымша ақпарат алу үшін "Азаматтарға арналған үкімет" байланыс орталығына 1414 нөміріне (қосымша нөмір 3) не https://t.me/SalyqBot Telegram-чатына хабарласуға болады.