Қаңтар-ақпанда Қазақстан экономикасы 4,3% өсті

Сурет: pexels
Бұл туралы үкүмет отырысында Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Оның ішінде нақты сектордағы өсім 2,7%, ал қызмет көрсету саласындағы өсім 5% болды. Негізгі салалардың барлығында оң динамика байқалған. Әәсіресе құрылыс, сауда, ақпарат және байланыс ең жоғары өсуді көрсетті. Негізгі капиталға салынған инвестициялардың өсу қарқыны 19,2% болды.

Инвестициялар ағыны көлік және қоймалауда – 72,8%-ке, ауыл шаруашылығында – 33,1%-ке, жылжымайтын мүлікпен операцияларда – 12,1%-ке, сондай-ақ өнеркәсіпте – 14,1%-ке, оның ішінде тау-кен өндіру өнеркәсібінде – 12,2%-ке, өңдеу өнеркәсібінде – 7,2%-ке өсті.

"Өңірлер арасында ең жоғарғы өсім Ұлытау, Маңғыстау, Павлодар және Қарағанды облыстарында байқалды. Алдын ала қорытынды бойынша 2023 жылғы қаңтарда сыртқы сауда тауар айналымы 15,7%-ке өсіп, 10,3 млрд. долларды құрады. Оның ішінде экспорт бойынша көрсеткіш 0,4%-ке өсіп, 6,1 млрд. долларға дейін жетті. Бұл ретте өңделген тауарлар экспорты 21,5%-ке ұлғайып, 2,1 млрд. долларды құрады", - деді Әлібек Қуантыров.

Тауарлар импорты 4,2 млрд. долларға жетті. Жалпы оң сауда балансы 1,9 млрд. долларға тең. Өңдеу өнеркәсібінде оң өсу сақталып отыр. Өндіріс көлемі 2,5%-ке өсті. Көрсеткіш өсуі 16 өңірде тіркелді. Соның ішінде Солтүстік Қазақстан, Ұлытау, Алматы облыстары және Алматы қаласы ең жоғарғы өсуді көрсетті.

Өңдеу өнеркәсібі салалары бойынша машина жасау өндірісінің 31,5%-ке, оның ішінде автомобиль жасаудың – 34,2%-ке, электр жабдықтарын жасаудың – 48,7%-ке өсуі қамтамасыз етілді. Сонымен қатар өсу келесі салаларда байқалып отыр: азық-түлік өндірісі – 9,6%, мұнай өңдеу өнімдері – 5,4%, химия өнеркәсібі – 3,6%, сусындар өндірісі – 22,6%, фармацевтика өндірісі – 16,7%, жеңіл өнеркәсібі – 34,3%.

Биыл қаңтар-ақпанда 2,1 млн. шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 22,2%-ке жоғары. Тұрғын үйді пайдалануға берудің ең жоғары көрсеткіштері Алматы және Шымкент қалаларында, сондай-ақ Маңғыстау және Атырау облыстарында байқалды.

Ауыл шаруашылығының жалпы шығарылымы 3,9%-ке ұлғайды. Саладағы өндірістің оң өсуі 16 өңірде тіркелді. Ең жоғарғы өсімді Шығыс Қазақстан, Маңғыстау, Ақмола және Қостанай облыстары көрсетті.

7 экономикалық көрсеткіш бойынша өңірлер арасындағы жалпы жағдай мынадай:

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркістан облысындағы қайғылы жағдайға қатысты көңіл айтты

Қасым-Жомарт Тоқаев 2025 жылды Жұмысшы мамандықтары жылы деп жариялады

Түркістан облысында болған өрттен 12 адам қаза тапты

Елордалық фельдшер, марқұм Ұлдана Мырзуан "Ерлігі үшін" медалімен марапатталды

Ақмарал Әлназарова қызмет бабында қаза тапқан Ұлдана Мырзуанның отбасына көңіл айтты