Қазақстанда бір жыл ішінде кеспе бағасы 36 пайызға қымбаттады

Сурет: pixabay
Наурыз айының қорытындысы бойынша макарон өнімдері бір жылда 35,1%-ға қымбаттады. Жекелей тоқталсақ, кеспе 36,2 пайызға, вермишель 35 пайызға, түтік кеспе 33,2 пайызға қымбаттады. Мұндай мәліметтерді ҚР Ұлттық статистикалық бюросы келтірді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Сала кәсіпкерлерін қолдауды күшейту керек. Қазақстандағы өнімдер айтарлықтай қымбаттап барады, бұл республиканың азық-түлік қауіпсіздігіне сөзсіз әсер етеді, дейді Finprom.kz сарапшылары.

"Осындай жағдайда ШОБ және тамақ өнеркәсібіндегі өндірісті дамытуға бағытталған мемлекеттік бағдарламалар елдің әл-ауқаты үшін стратегиялық мәнге ие бола түседі", – делінген хабарламада.

ЕО-дағы макарон өнімдерін өндіруші ұйымдар одағының макарон өнімдерін тұтыну жөніндегі рейтингі бойынша Италия бірінші орында (2021 жылы жан басына шаққанда 23,5 кг), Тунис екінші орында (жан басына шаққанда 17 кг) тұр . Қазақстанда жан басына 18 кг макароннан келеді.

Биылғы жылдың бірінші тоқсанында Қазақстанда макарон өнімдерінің өндірісі 39,3 мың тонна болды, бұл өткен жылмен бірдей дерлік (-0,8%). Негізгі өндіріс Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында, сондай-ақ Шымкентте, Батыс Қазақстан облысында және Астанада шоғырланған. Осы бес облыстың үлесіне саладағы жалпы өнім көлемінің 77 пайызы тиесілі болды.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі