Вице-министр атап өткендей, жыл басынан бері үкімет бағаның өсуін тоқтата алды.
"Негізгі азық-түлік тауарлары бағасының өсу қарқыны соңғы жеті аптада 0,1 пайыздан аспады, ал жыл басынан бері 3,5 пайыз болды, дегенмен соңғы бес жылда осы кезеңде орташа есеппен 6,4 пайыз болған еді". Арман Шаққалиев
Оның айтуынша, қазіргі уақытта 2024 жылдың маусымаралық кезеңдеріндегі маусымдық ауытқуларды басу үшін осы жылдың күзгі егін жинау науқанына келісімшарт жасау жұмыстары жүргізілуде. Бұл мақсаттарға қазірдің өзінде 90 мың тоннаға жуық көкөніс өнімдері қалыптастырылды.
Ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілердің тауар балансына мониторинг жүргізу жүйесі құрылды. Вице-министр атап өткендей, бұл құрал қазірдің өзінде ішкі нарықты қорғау бойынша уақтылы шешім қабылдауға мүмкіндік береді.
"Құралдың деректеріне сүйене отырып, 28 қаңтардан бастап пиязды экспорттауға тыйым салынып, ол 8 сәуірде қайта қаралып, экспорттық квота белгіленді". Арман Шаққалиев
Сондай-ақ вице-министрдің сөзінше, биылғы жылы тарифтік және тарифтік емес реттеудің уақтылы шаралары оң нәтиже беріп, жергілікті жерлерде өнімсіз делдалдарды қысқарту бойынша жұмыстар жүргізілуде, 52 нормативтік-құқықтық акт қайта қаралып, Кәсіпкерлік кодекстің жаңа талаптарына сәйкестендірілді.