Қаржы министрлігі жемқор шенеуніктерден тәркіленген мүлік халық қажетіне қашан жұмсалатынын айтты

Сурет: Zakon.kz
Мамырдың 4-і күні Сенат кулуарында Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов жемқорлыққа жол берген шенеуніктерден тәркіленген мүлікті тек мемлекеттік органдардың ғана емес, халықтың да мұқтаждығы үшін сату ережелеріне қашан өзгерістер енгізілетінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz

Ержан Біржанов қоғамнан да осындай жұмыстар жүргізуге өтініштер түсіп жатқанын айтты.

"Иә, бұл бастама көтерілді. Бұл мәселе бұқаралық ақпарат құралдарында да жиі көтерілді. Бұйрыққа өзгерістер енгізу жұмыстары жүріп жатыр. Соңғы өзгеріс тараптардың келісіміне байланысты. Өйткені құжат қабылдаудың мерзімдері, ережелері бар. Оның ішінде қоғамдық тыңдаулар, мақұлдаулар, сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптама бар. Рәсімдерді сақтау қажет. Құжат жақын арада қабылданады деп ойлаймын", – деді ол.

Алайда Ержан Біржанов "егер ескерту жасалса, екінші рет қаралуы мүмкін" дегенді алға тартып, нақты мерзімін жарияламады.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады

Балуан Айдос Сұлтанғали әлем біріншілігінің 1/2 финалына шықты