Дубай-Алматы рейсі кешігіп жатыр: Air Astana аталған жайтқа түсініктеме берді

Сурет: gov.kz
12 мамырда Air Astana әуе компаниясының Дубай – Алматы бағытындағы рейсі техникалық себеппен ұшпай қалды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әуе компания баспасөз қызметінің хабарлауынша, КС898 рейсі салондағы дабыл шамдарының дұрыс жұмыс істемеуіне байланысты уақытынан кешіктірілді.

"Жолаушыларға қонақүйден жатын орын мен тамақ беріледі. Компания инженерлері қазір Дубайға жетіп, ақаулықтарды жою бойынша жұмыс жүргізіп жатыр. Қосалқы бөлшектерді ауыстыру кезінде қосымша жайттар туындамаса, онда Дубайдан жергілікті уақыт бойынша сағат 21:45-те ұшу мүмкін болады", – деп хабарлады Air Astana.

Егер ұшақты жөндеу мүмкін болмаса, Air Astana қазақстандықтарды Отанына жеткізудің балама нұсқаларын қарастырады.

Әуе компаниясы рейстің кешігуіне байланысты туындаған қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды.

Мұндай кешігу жағдайларында әуе компания жолаушыларға салқын сусындар мен ыстық тамақ беруге міндетті.

Сондай-ақ, ұшу 5 сағаттан артық кешіктірілса, онда жолаушылар орын болған жағдайда жақын арадағы рейске тегін брондауды қайта жүзеге асыра алады.

Алматы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

Қазақстанда БҰҰ өңірлік орталығы ашылады

Аттестат пен дипломдарды толтырудың жаңа тәртібі қабылданды