Қазақстанда инфляция баяулап, сәуір айында 16,8%-ға жетті

Үкімет отырысында ҚР Ұлттық банк төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин Қазақстанда инфляция әлі де баяулап, сәуір айында 16,8%-ға жеткенін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Қазақстандағы инфляция ақпан айында жылдық мәннің шарықтау шегіне жеткеннен кейін (21,3%) сәуір айында 16,8%-ға дейін баяулады. Бұл Ұлттық Банктің болжамдарына сәйкес келеді. Оған азық-түлік бағасы көптеп үлес қосып, жылдық мәнде 17,9%-ға дейін баяулады. Ақылы қызметтердің инфляциясы да 13,7%-ға дейін баяулады. Азық-түлікке жатпайтын тауарлардың жылдық баға индексі 18,2%-ға өсті". ҚҰБ төрағасының орынбасары Виталий Тутушкин

Жылдық инфляцияның баяулауына қарамастан, инфляцияның айлық көрсеткіштері құбылмалы болып, сәуір айында әлі де 2017-2021 жылдар аралығындағы орташа мәннен асып отыр. Тұрақсыз инфляциялық болжам, мемлекеттік шығыстың үздіксіз ұлғаюы, сонымен бірге, жанармай нарығы мен тұрғын-үй коммуналдық шаруашылық қызметтерінде уақыты келген реформаларды іске асыра бастау түріндегі ішкі проинфляциялық факторлар сақталып, жүзеге аса бастады.

"Факторлардың жиынтық балансы орта мерзімді перспективада инфляцияны төмендету үшін 2023 жылдың бірінші жартысында Ұлттық банктің базалық мөлшерлемені 16,75% деңгейінде сақтауды айқындайды. Базалық мөлшерлеме бойынша бұдан кейінгі іс-әрекеттер мамыр айындағы жаңа деректерді ескере отырып жаңартылған болжамға байланысты болады", - деді ҚҰБ төрағасының орынбасары.
Қазақстан ҚР Ұлттық Банкі
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: