"Яндекс.Такси" жүргізушілері өз құқықтарын талап етіп, видео үндеу жолдады

Сурет: pixabay
"Яндекс.Такси" жүргізушілері табыстарының күрт қысқаруына байланысты компания үстінен шағымданды. Олар бонустарды төлеуден бас тартып, мәлімдеме жасады. Жүргізушілер Алматы облысының Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне видео үндеу жолдады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Аз нәпақыға жұмыс істейтіндердің саны азайып, тасымалдау құны біршама көтерілгені де нақтыланады.

"Алматы облысының Тұтынушылар құқықтарын қорғау департаментіне жүгінеміз. Компания бізді кепілдендірілген кірістен айырып отыр. Былайша айтқанда, аз ақша табатын болдық. Тасымал құны бірнеше есе өсті. Компания комиссияның 21%-ын алып қалады, бұл біздің бензин мен көлікті таза ұстау шығындары туралы айтпағандағы жайт. Компанияның монополиялық әрекеттерінен біз ғана емес, қарапайым азаматтар да зардап шегуде", - деді жүргізушілер.

Компания сервис қалыпты режимде жұмыс істеп жатыр деп санайды.

"Серіктестермен арадағы ынтымақтастық шарттары, атап айтқанда тарифтер мен комиссия саны өзгерген жоқ. Бізде серіктестер мен олардың жүргізушілеріне арналған мотивациялық бағдарламалар бар. Жақында біз бағдарламалардың шарттарын жаңарттық, сондықтан жүргізушілер белгілі бір тапсырыстарды орындау кезінде орташа кірісті көбейтуге мүмкіндік алады", - дейді "Яндекс.Таксидегілер".

Бұған дейін 1 шілдеден бастап такси жүргізушілері Қазақстанда салық төлей бастайтыны хабарланған болатын. "Яндекс" интернет-платформасында тіркелген такси жүргізушілерін пилоттық жобаға ерікті түрде қатысуға шақырды.

Алматы облысы

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі