Қазақстанда ауыз су мен минералды су қымбаттады

Сурет: pixabay
2023 жылдың сәуір айының қорытындысы бойынша бір жылда ауыз су 25,8 %, ал минералды су 31,4% қымбаттаған, деп хабарлайды Zakon.kz.

Қазақстан Республикасы өңірлерінің ішінде минералды су бағасының ең көп жылдық өсуі Жетісу облысында (66,4%-ға), одан кейін Қызылорда (49,5%-ға) және Батыс Қазақстан (48,1%-ға) облыстарында байқалды, деп жазады Energyprom.kz.

Бағаның ең аз өсуі Ұлытау облысында (8,3%-ға), Шымкентте (11,4%-ға) және Түркістан облысында (18,5%-ға) байқалды.

Бір жылда ауыз су 25,8 пайызға қымбаттады. Ең көп баға өсімі Ақмола және Абай облыстарында тіркелді: сәйкесінше 43% және 42,6%.

Ауыз су құнының айтарлықтай өсуі Қостанай облысында да байқалды: 31,5%-ға. Бағаның ең аз өсуі Түркістан (10,9%-ға), Батыс Қазақстан (15,1%) және Павлодар (15,2%-ға) облыстарында байқалды.

Алкогольсіз сусындар ішінде газсыз сусындар да қымбаттады: бір жылда 34,7%. Өңірлік тұрғыда Батыс Қазақстан облысында газсыз сусындар бір жылда бірден 85,3%-ға өсті, одан кейін Атырау және Шығыс Қазақстан облыстарында (тиісінше 51,9%-ға және 47,7%-ға) өсті.

Саладағы ең аз баға өсімі Жамбыл (14,5%-ға), Ақтөбе (23,6%-ға), сондай-ақ Павлодар және Маңғыстау (әр өңірде 24,6%-ға) облыстарында тіркелді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз