"Алтын Орданы" тексеруші мобильді топ бұзушылықтар толық жойылғанға дейін жұмыс істейді

"Алтын Орда" базарының жұмысына қатысты 200-ден астам арыз-шағым call-орталыққа және телеграм-чатқа келіп түскен. Мобильді топ барлық шағымдарға жедел ден қою үшін құрылған және барлық анықталған бұзушылықтар толық жойылғанға дейін жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды Zakon.kz.

Барлық келіп түскен өтініштерді ҚР Сауда және интеграция министрлігінің Сауда комитеті қарастыратын болады және оның әрқайсысы бойынша мобильдік топпен бірлесіп тиісті жұмыстар жүргізіледі, оның құрамына ҚМА, СИМ БҚДА, ҚМ МКК, ІІМ, ДСМ, ТЖМ, АШМ, Алматы облысы әкімдігінің өкілдері кірді.

ҚР Сауда және интеграция министрлігі Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабековтың айтуынша, мобильді топ құрылған сәттен бастап қысқа уақыт ішінде базарды аралап, оның барысында жалға алушылар, саудагерлер, сатып алушылар тыңдалып, азық-түлік, көкөністер мен жемістердің бағасымен танысуға мүмкіндік алды.

"Қазірдің өзінде базардың аумағында 15 қосымша бақылау таразысы орнатылды. Базар павильондарында бір ай ішінде 9 кондиционер орнатылатын болады. Алтын орда базарының әкімшілігі анықталған басқа да кемшіліктерді жоюы тиіс. Ең алдымен, базардың аумағына кіре берістегі түсініксіз алымдарды/бопсалауларды алып тастауға мүмкіндік беретін "ақылды" шлагбаумдарды орнату қажет. Екіншіден, барлық қаражат касса арқылы қабылданатын болғандықтан, базардың өзінде заңсыз алымдарды жою қажет. Сонымен қатар, базар әкімшілігінің атына жүргізушілер аймағын жаяу жүргіншілерден бөлу мәселесін шешу, оның ішінде жаяу жүргіншілер өткелдерін ойластыру қажеттілігі туралы ұсыныс енгізілді". Сауда комитеті төрағасының міндетін атқарушы Айдар Әбілдабеков

Сондай-ақ, базардың санитарлық жағдайын жақсарту бойынша ұсыныстар берілгені, санитарлық жұмыстар сауданың тоқтап қалмауы үшін бір ай бойы аймақтық түрде жүргізілетіні де нақтыланады. 

ҚР Сауда және интеграция министрлігінің мәліметінше, шағымдардың негізгі көлемі базар әкімшілігінің әрекеттерімен және жалға алушылар мен саудагерлерден жалға алу орындарына қаражат жинауды бақылаумен, нарықтың санитарлық жағдайымен, бақылау таразылары мен кассалық аппараттардың жетіспеушілігімен, павильондарда желдету мен кондиционерлердің болмауымен, жаяу жүргіншілер көпіріндегі заңсыз саудамен және т. б. байланысты.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: