22 маусымда Қазақстан мен Қытай шекарасындағы өткізу бекеттері жабық болады

Сурет: gov.kz
2023 жылы 22 маусымда Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері адамдарды, көлік құралдарын, жүктерді және тауарларды өткізу қызметін жүзеге асырмайды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҰҚК Шекара қызметі мәліметінше, Қазақстан Республикасының Үкіметі мен Қытай Халық Республикасының Үкіметі арасындағы "Қазақстан-Қытай мемлекеттік шекарасы арқылы өткізу пункттері туралы" келісімге сәйкес ҚХР-да тойланатын "Айдаһар қайықтары мейрамына (Дуань-у)" байланысты  2023 жылғы 22 маусымда қазақ-қытай шекарасындағы автокөліктік өткізу пункттерінде адамдар, көлік құралдары, жүктер мен тауарлар өткізілмейтінін хабарлайды.


"Теміржолдық өткізу пункттері штаттық режимде жұмыс істейді. Бағыттарыңызды алдын ала жоспарлау үшін алдын ала ақпарат таратудамыз", делінген хабарламада. 
Қазақстан
Қытай
ҰҚК

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды