Қазақстанда күріш бағасы өсуі мүмкін бе

Сурет: pixabay
4 шілдеде Үкімет кулуарында ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев "Елімізде күріш бағасы өсе ме?" деген сұраққа жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz тілшісі.
Ербол Қарашөкеев Қазақстанда күріш егу көлемі қысқармайтынын және күріш өнімінің төмендеуі болжанбайтынын айтты.
"Сіздер білесіздер, біз өзімізді күрішпен толықтай қамтамасыз етеміз, өнімнің бір бөлігін шетелге де экспорттаймыз. Сондықтан күріш тұтынушыларымызға жетпеген жағдайда баға күрт өседі деп болжап отырған жоқпыз. Барлығы стандартты. Уақытылы егілді, өнім жақсы болады деп отырмыз", – деді министр.

Алайда Ауыл шаруашылығы министрі күріш бағасы қай деңгейде болатынын айтпады.

"Ал сізге ешкім жауап бермейді. Егер көлем бұрынғысынша қалса, екі-үш есе өсетіндей фактор жоқ шығар деп ойлаймыз. Жыл сайын қанша жинап жүрміз, сонша жинаймыз. Экспортқа көп шығарылмайды.  Осыған байланысты елдегі жалпы инфляция аясында сәл көтерілуі мүмкін", – деді Ербол Қарашөкеев.

Наурызда Қызылорда облысында күріштің қымбаттауына байланысты алты өндіруші тексерілді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет басшысы Ербол Хамитовты III дәрежелі "Барыс" орденімен марапаттады

Мемлекет басшысы Ресей Премьер-министрі Михаил Мишустинді қабылдады

Димаш Құдайберген маңызды үндеу жасады

Дабылды ескерту: Қазақстанда найзағай мен дауыл күтілуде

Қасым-Жомарт Тоқаев: Жаңа Конституция – әр азаматқа тең мүмкіндік пен стратегиялық даму кепілі