Үкімет G4 City-де қанша тұрғын тұратынын айтты

Сурет: primeminister.kz
ҚР премьер-министрінің орынбасары – қаржы министрі Ерұлан Жамаубаевтың төрағалығымен, мемлекеттік органдар мен ұйым өкілдерінің қатысуымен өткен кеңесте G4 City жобасын одан әрі іске асыру мәселесі талқыланды, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР премьер-министрінің баспасөз қызметінің мәліметінше, жиынға мемлекеттік орган өкілдері мен "Астана" халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі" АҚ атқарушы директоры Нұрлан Тойымбек қатысты. Ол G4 City жобасы үшін қызметтің қажетті салалардағы қатынастарды реттейтін өзіндік актілер әзірлеу қажет болатынын айтты.

"G4 City жобасын жүзеге асырудағы негізгі мақсат – қоғамның әлеуметтік құрылымын сапалы өзгерту, дені сау, белсенді, білімді азаматтардың жаңа буынын қалыптастыру. Бұл ең алдымен халықтың өмір сүру сапасын едәуір арттыру, елдегі демографиялық жағдайды жақсарту, адами капиталдың және еліміздің серпінді дамуына жағдай жасау", – делінген хабарламада.

G4 City қаласы жаңа Жібек жолының бойында орналасқан жаңа экономикалық және жаһандық туристік орталыққа айналады деп күтіліп отыр. Дамудың ауқымды перспективаларын ескере отырып, G4 City 2,2 миллионнан астам тұрғыны бар интеграцияланған қала ретінде дамып, G4 City 2050 жылға қарай 1,1 миллионнан астам жұмыс орнын қамтамасыз етеді деген болжам бар.

Кеңес қорытындысы бойынша Ерұлан Жамаубаев мемлекеттік органдар мен ұйымдарға тиісті бірқатар тапсырма берді.

Қазақстан
Алматы облысы
Жамаубаев Ерұлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз