Алматы қаласында коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне өтемақы кімдерге төленеді

Алматы мәслихаты Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне байланысты әлеуметтік көмек көрсету және өтемақы төлеу мөлшерін белгілеу қағидасын әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

Мұқтаж азаматтардың жекелеген санаттарына коммуналдық қызметтерге тарифтердің көтерілуіне өтемақы төлеуге әлеуметтік көмек ақшалай нысанда көрсетіледі және Алматы қаласында тұрақты тіркелген және тұратын азаматтарға ұсынылады.

Әлеуметтік көмек өтініш берілген айдан бастап ай сайын қаржы жылына көрсетіледі.

Әлеуметтік көмек тиісті қаржы жылына мұқтаж азаматтардың мынадай жекелеген санаттарына республикалық бюджет туралы заңмен белгіленетін 0,5 АЕК мөлшерінде кірісті есепке алмай көрсетіледі:

Ал бірнеше санатқа жататын әрбір адамға әлеуметтік көмек тек бір негіз бойынша аударылады.

Әлеуметтік көмек алу үшін өтініш беруші өзінен немесе отбасы атынан тұрақты тұрғылықты жері тіркелген жері бойынша уәкілетті органға өтінішке қоса жеке басын куәландыратын құжатын береді.

Әлеуметтік көмек көрсетуге өтініш келіп түскен кезде уәкілетті орган бір жұмыс күні ішінде өтініш берушінің құжаттарын адамның (отбасының) әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындау үшін учаскелік комиссияға жібереді.

 Учаскелік комиссия құжаттарды алған күннен бастап екі жұмыс күні ішінде өтініш берушіге тексеру жүргізеді, оның нәтижелері бойынша әлеуметтік көмекке мұқтаждығы туралы қорытынды дайындайды және оларды уәкілетті органға жібереді.

Уәкілетті орган өтініш берушінің әлеуметтік көмек алуға қажетті құжаттарын тіркеген күннен бастап сегіз жұмыс күні ішінде қабылданған құжаттар мен арнайы комиссияның әлеуметтік көмек көрсету қажеттілігі туралы қорытындысының негізінде әлеуметтік көмек көрсету не көрсетуден бас тарту туралы шешім қабылдайды.

Әлеуметтік көмек көрсетуден бас тарту:

Алушы қайтыс болған жағдайда әлеуметтік көмек төлеу азаматтық хал актілерін тіркеу органдарынан (АХАТ) алынған Алушының қайтыс болғаны туралы мәліметтер және тізімдер негізінде тоқтатылады.

Көрсетілетін әлеуметтік көмекті тоқтату және қайтаруға негіз болатын жайттар:

Алматы қаласы мәслихаты ұсынған мәлімте бойынша, қалада халықтың әлеуметтік осал тобы санатына жататын 316 388 адам тұрады.

"Тарифтер өсуінің өтемақысы ретінде берілетін әлеуметтік көмек 316 388 ХӘОТ-ң өтініші бойынша 0,5 АЕК (1725 теңге) мөлшерінде төленетін болады. Құжаттарды қабылдауды және төлемді қала әкімінің аудандық аппараттары өтініш берушілердің шоттарына екінші деңгейдегі банктер арқылы жүргізетін болады. Бұл әлеуметтік көмек ағымдағы жылдың соңына дейін көрсетілетін болады (одан әрі ұзарту 2024 жылғы бюджетті ескере отырып қаралатын болады)", - делінген хабарламада.

Жеке тұлғалар үшін орташа есеппен квадратурасы 70 шаршы метр пәтердің түбіртегі бойынша тарифтің өсуі 10% болады. 0,5 АЕК мөлшеріндегі өтемақы 12 позиция бойынша (сумен жабдықтау, су бұру, газ, жылыту және т.б.) тарифтердің көтерілу айырмасын, яғни барлық 100% өсімді жабатын болады. Квадратурасы 40 шаршы метр – 110%.

Алматы қаласы мәслихатының шешімін қабылдау бюджетті 2 729 млн теңгеге ұлғайтуды көздейді.

Құжат 26 шілдеге дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланған.

Алматы
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: