"Самұрық-Қазына" қорының басшысы: Тарифтердің көтерілуі бүкіл экономикаға серпін береді

13 шілдеде өткен брифингте "Самұрық-Қазына" қорының төрағасы Нұрлан Жақыпов неліктен коммуналдық қызмет тарифтерін көтеру қажетттігі туғанын айтты. Оның пікірінше, бұл бүкіл экономикаға серпін береді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Нұрлан Жақыпов жаңа лауазымға кіріскен алғашқы 100 күндегі жұмысын қорытындылап, Қорды дамыту жөніндегі алдағы жоспарлары туралы баяндады.

Маңызды мәселелердің бірі "Инвестициялар орнына тариф" бағдарламасын дамыту. "Самұрық-Қазынаның" төрағасы қор 1,2 трлн теңге сомаға жеңілдетілген тарифтер мен бағаларды ұсына отырып, Қазақстан экономикасын субсидиялайтынын атап өтті. Бұл ұзақ уақыт бойы жеткіліксіз қаржыландыруға және сәйкесінше инфрақұрылымның тозуына әкеледі. Нұрлан Жақыпов субсидияланатын тарифтерден құтылатын кез келді деп есептейді. Сонда ғана тозығы жеткен желілерді жаңартып, жаңа электр стансаларын салып, энергияны үнемдеуде, халықты жылумен қамтамасыз етуде қиындықтар туындамайды.

"Вагондардың жаңа әрі сапалы болуы үшін теміржол желілері мен жылжымалы құрамды жаңарту керек. Біз өз жобаларымызға, ел экономикасына инвесторларды тартуымыз керек. Егер өнімге әділ баға болмаса, баға өз құнынан төмен болса, энергетика, өндіріс, көлік, отын секторы болсын, бизнеске бірде-бір инвестор келмейді". Нұрлан Жақыпов

Өткен жылғы Екібастұздағы энергетика коллапсының бір себебі ретінде Нұрлан Жақыпов тарифтік саясатты келтірді

"Былтыр Екібастұзда қайғылы оқиға болды. Оның бір себебі тарифтік саясат деп есептеймін. Егер біздің тариф уақтылы жоспарлы профилактикалық жөндеу жұмыстарын жүргізуге, инфрақұрылымды жаңғыртуға мүмкіндік бермесе, ол ерте ме, кеш пе бұзылады". Нұрлан Жақыпов

Ол "Инвестициялар орнына тариф" қағидасының маңызын атап өтті. Бұл қордың алдағы жылдарға арналған саясатының негіз болатынын айтты.

Қазіргі уақытта мына компанияларға қатысты тарифтерді өзгерту келісілді:

Қазіргі таңда мына қызмет санаттары бойынща тарифтерді өзгерту мәселесі пысықталып жатыр:

Брифинг барысында "Самұрық-Қазына" қоры кірісінің 2023 жылдың соңына болжамы ұсынылды.

Осы болжамға сәйкес, Қор активтері құны айтарлықтай өседі деп болжанды, бұл жыл басындағы 72 миллиард доллармен салыстырғанда 78 миллиард доллар болады.

Брифинг соңында Нұрлан Жақыпов "Самұрық-Қазына" қорының жеке даму мақсатына тоқталды.

"Мен Қордың активтерін, Ұлттық байлығымызды сақтап қана қоймай, олардың ашықтығын, тиімділігін арттыруым қажет деп санаймын. Мен Қорды активтерінің жалпы құны 72 миллиард АҚШ доллары болған кезде басқаруды қолға алдым. Мен 2026 жылдың соңына дейін Қор активтерінің құны, яғни Қазақстан халқына тиесілі кәсіпорындар мен компаниялардың құны 100 миллиард долларды құрауы үшін бар күшімді салғым келеді. Бұл өршіл мақсат, бірақ бізде бұл мақсатқа жету үшін барлық мүмкіндіктер бар екеніне сенімдімін", - деді ол.

Қордың таза пайдасы мұнай бағасының түсуіне қарамастан, 2022 жылғы деңгейден төмен болмайды деп жоспарланып отыр.

Қазақстан Самұрық-Қазына
Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз: