Досаев Шымбұлақтағы жерді заңсыз алған кәсіпкерлердің есімін білмейді

Сурет: unsplash
Алматы әкімі Ерболат Досаев Шымбұлақ өңірінен заңсыз жер алған Forbes тізіміндегі кәсіпкерлердің есімдерін білмейтінін айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы ол Наурызбай өңірінің тұрғындарымен кездесуінде сауалға жауап бере отырып, айтты.

"Әкімдік Жемқорлыққа қарсы қызметпен бірлесіп, сыбайлас жемқорлыққа тексеру жүргізіп, Шымбұлақ өңірінен жер телімін алған Forbes тізіміндегі шенеуніктерге қатысы бар төрт кәсіпкерді анықтады. Олардың аты-жөнін атаңызшы?", - деп сұрады тұрғын әкімнен.

Ерболат Досаев бұл кәсіпкерлердің аты-жөнін білмеймін деп жауап берді.

"Жалпы тізім үлкен, осының аясында жұмыс істеліп жатыр. Профилактика аясында болды. Біз профилактикалық қызметпен және "Антикорамен" бірлесе отырып, көп жұмыс істедік. Рұқсат қағаздарын, жер телімдерін анықтадық. Барлығы да бар. Белгіленген тәртіп бойынша жүріп жатыр, қаласаңыз, департаментке ресми түрде өтініш беріңіз. Олар сізге жауап бере алады деп ойлаймын", - деген Ерболат Досаев елімізде кінәсіздік презумпциясын ешкім жоймағанын айтты.

1 шілдеде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Алматы қаласы әкімдігімен бірлесіп, әкімдік пен сәулет және құрылыс саласындағы құрылымдық бөлімшелердің қызметіндегі сыбайлас жемқорлық қаупіне сырттай талдау жүргізді.

Қазақстан
Алматы
Досаев Ерболат

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бублик Медведевпен Almaty Open финалына берілетін жолдаманы сарапқа салады

Каспий теңізінің тартылуынан Ресей аумағы ұлғайды

Кәсіпкерлерді жыл сайын әуреге салған мекеме прокуратура назарына ілікті

Атырауда жоғары лауазымды шенеуніктің мәйіті табылды

24 қазанда Астана мен Алматыдағы айырбастау орындарындағы валюта бағамы