Тоқаев: "Еліміздің туристік әлеуетін пайдалану керек"

Сурет: Zakon.kz
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары" атты Қазақстан халқына жолдауында еліміздің туристік әлеуетіне тоқталып, бұл салада жұмыс ақсап тұрғанын сынға алды, деп хабарлайды Zakon.kz.

"Туризм серпінді жобалар қатарында болуға тиіс" деген Президент осы маңызды саладағы жұмыс дұрыс атқарылмай жатқанын, еліміз басқа мемлекеттермен салыстырғанда артта қалып келе жатқанын сынға алды.

Мемлекет басшысы кемінде 15 ірі жобадан тұратын нақты тізім дайындауды тапсырды.

"Осы салада бұрын болған қателіктерді қайталауға болмайды. Жобаларды тиімді қолдау шараларын және оларды орындау мерзімдерін нақты айқындау керек", – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Президент оны іске асыруға шетел инвесторларын және еліміздің бизнес өкілдерін барынша тартқан жөн екенін атап өтті.

Қазақстан
Қасым-Жомарт Тоқаев

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз

Мемлекет басшысы Қазақстан халқын Республика күнімен құттықтады