Апат болған "Қазақстан" шахтасында кен өндіру жұмыстары тоқтатылды

Сурет: Instagram/profsouz_korgay
17 тамызда орын алған апатқа байланысты "Қазақстан" шахтасында көмір өндіру және тау-кен қазбаларын үңгілеу жұмыстары белгісіз мерзімге тоқтатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл туралы көмір өндірушілердің "Қорғау" кәсіподағы хабарлады.

"Қазіргі уақытта шахтада жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Негізгі жұмыстарды тоқтата тұруға байланысты босап қалған 600-ге жуық жұмысшы көмір департаментінің басқа шахталарына жұмысқа орналастырылды. "Қорғау" көмір өндірушілер кәсіподағы "АрселорМиттал Теміртау" АҚ компаниясының басшылығымен жұмысын ауыстырған қызметкерлерге ақы орындаған жұмыс көлеміне қарай төлеуге, онда да орташа жалақыдан төмен болмауға уағдаласты", делінген кәсіподақ хабарламасында.

Айта кетсек, 17 тамызда Қарағанды облысында "АрселорМиттал Теміртау"АҚ-қа тиесілі "Қазақстан" шахтасында өрт болды: конвейерлік таспа өртенді. Оқиға орын алған кезде шахтада 227 адам болған, олардың 222-сі жер бетіне шығарылды. Тағы бес кенші жер астында қалып кетті, олардың барлығы қаза тапты.


Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды