Қазақстанда электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызмет тарифі өседі

Сурет: Zakon.kz
ҚР Энергетика министрлігі электр қуатының әзірлігін ұстап тұру бойынша көрсетілетін қызметке шекті тарифтерге өзгеріс әзірледі, деп хабарлайды Zakon.kz.

"2016 жылдан бастап 2022 жылға дейінгі кезеңдегі инфляция коэффициентін ескере отырып, 2024 жылы қуаттылықтың шекті тарифінің деңгейі айына 1065 мың теңге/МВт құрауы тиіс, бұл саланың инвестициялық тартымдылығын қамтамасыз етуге және авариялық жөндеудің жиілеп кеткен жағдайларын ескере отырып, Қазақстанның электр станцияларын күрделі жөндеуге қосымша инвестициялар тартуға мүмкіндік береді", – деп жазылған құжатта.

Құжат 22 қыркүйекке дейін қоғам болып талқылау үшін Ашық НҚА сайтында жарияланды.

2023 жылғы 5 қыркүйекте Қазақстан Республикасының Энергетика министрі Болат Ақшолақов Қазақстанда электр энергиясының тарифтері өзгеретінін айтты. Бұл шараны қабылдауға жыл сайын артып келе жатқан негізгі генераторлық базалық станциялардың тозуы себеп болып отыр. 


Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Жерде геомагниттік толқулардың жаңа толқыны күтіледі: болжам туралы не белгілі?

26 қазанда Астана мен Алматыдағы ақша айырбастау орындарында доллар, еуро және рубль қанша тұрады

Аралға құстар қайта оралып жатыр: тартылған теңіз жағалауындағы жаңа тіршілік

11 градусқа дейін аяз: Қазақстанның қай өңірлерінде үсік жүреді

Түркияда Қазақстан азаматшасы көз жұмды: СІМ қайғылы оқиғаны растады