Қазақстанда бензин мен автогаз қанша күнге жетеді

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
ҚР Энергетика министрлігі жанар-жағармай бекеттеріндегі кезек пен бағаның өсуіне орай, Қазақстандағы бензин мен сұйытылған мұнай газының қоры жөнінде есеп берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі 15 қыркүйек күні таратқан мәлімет бойынша, қазір АИ-92 бензинінің шекті бағасы литріне 205 теңге болып тұр. АИ-95 мемлекеттік реттеуге жатпайды, сондықтан премиум бензиніне шекті баға белгіленбеген. Жанармай қоры толықтырылмаса да, бүкіл ел бойынша үш аптаға жетеді. Ешқандай тапшылық жоқ.

"Елдегі АИ-95-тің жалпы қоры (мұнай базалары мен мұнай өңдеу зауыттарында, жолдағы және импорт) жеткілікті әрі 57 мың тоннаны құрайды, бұл 21 күндік қажеттілікті қамтамасыз етеді. Қорлар ресурс ұстаушылардың сұранысына және өндіріс көлеміне байланысты толықтырылады", – деп хабарлады баспасөз қызметі.

Сұйытылған мұнай газына келетін болсақ, Қостанай, Қарағанды, Атырау, Ақтөбе, Ақмола облыстары мен Батыс Қазақстан облысы бойынша жеткізу жоспары "Қазақойл Ақтөбе" ЖШС, "СНПС-Ақтөбемұнайгаз" АҚ, "Gas Processing Company" ЖШС кәсіпорындарында жоспарлы жөндеу жұмыстарын жүргізуге байланысты төмендейді. Министрлік бұл өңірлердің басым бөлігіне қосымша отын қорын бөліп қойған.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады

Әлемдік концерттік туры аясында Димаш Құдайберген өзінің авторлық әндерін орындауда