Әлібек Қуантыров Қазақстан тауарларын сатып алуға шақырып, костюмінің құнын айтты

Сурет: primeminister.kz
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров сенат отырысында баршаны Қазақстан тауарларын сатып алуға шақырып, өзінің костюмі қанша тұратынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Журналистер қазір Қазақстан тауарлары көбіне импорт тауарларға қарағанда қымбатқа түсетінін атап өтті. Ал ҰЭМ отандық өнімге сұранысты ынталандыру үшін ҚҚС-ты 16%-ға дейін көтеруді жоспарлап отыр. Министр тек импорт тауарларды сатып алсаңыз, Қазақстан өз өндірісін дамытпайды, жұмыс орындары ашылмайды деп жауап берді.

"Сосын импорт бағаны шарықтатады, содан барар жеріміз қалмайды. Сондықтан біз Қазақстанның өндірісін дамытуымыз керек. Біз қазақстандық өндірістің жағындамыз. Менің костюмімді көріп тұрсыз ба? Бұл Қазақстанда тігілге. Біз Қазақстанда жасалған, бірақ қымбат емес нәрсеге инвестициялауымыз керек".Әлібек Қуантыров

Журналистердің "Қазақстанда тігілген костюмді қанша теңгеге сатып алдыңыз?" деген сұрағына Әлібек Қуантыров "90 мың теңгеге сатып алдым" деп жауап берді.

Ұлттық статистика бюросының мәліметінше, 2023 жылы Қазақстанда орташа жалақы 251 356 теңге болды. Бұл ретте Қазақстандағы модальды (яғни ең жиі кездесетін) жалақы мөлшері әлдеқайда төмен болып шықты – небәрі 81 377 теңге. Бұл Әлібек Қуантыровтың костюмге төлеген сомасынан аз.

Министрлік ҚҚС мөлшерлемесін көтеруді және КТС (корпоративтік табыс салығы) ставкасын дифференциялауды жоспарлап отыр. Табысы жоғары азаматтардың белгілі бір санаты үшін жеке табыс салығын арттыру ұсынылып отыр.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

Полиция төрт жыл бұрынғы кісі өлтіру қылмысының бетін ашты

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Қасым-Жомарт Тоқаев: Ұлы Абайдың аманатына адал болайық!