Костенко атындағы шахта қашан ашылады

Сурет: rawpixel
Қарағанды облысының әкімі қайғылы оқиға салдарынан 46 кенші қаза тауып, жабылып қалған Костенко атындағы шахтаның қашан ашылатынын айтты, деп хабарлайды Zakon.kz.

Өңір әкімі Ермағанбет Бөлекпаев брифинг барысында "АрселорМиттал Теміртау" компаниясына қарасты 8 шахтаның бүгіндері төртеуі жұмыс істеп тұрғанын айтты.

"Барлық сегіз шахта жұмыс істейтін болады. Бүгінгі таңда 4 шахта толықтай жұмыс істеп тұр, қалғандарында әртүрлі себептерге байланысты дайындық жұмыстары жүргізіліп жатыр. Өздеріңіз білетіндей, Қазақстан шахтасында әлі күнге дейін жұмыс жүріп жатыр", - деді ол.

Костенко атындағы шахта қайғылы оқиғаға байланысты қолға алынған тергеу шаралары аяқталғаннан кейін ашылады. Мамандардың айтуынша, шахтаның жұмысын қалпына келтіру үшін тағы 2-2,5 ай қажет.

Сондай-ақ, әкімнің айтуынша, АМТ шахталарын жаппайды.

Сондай-ақ, әкім жаңа инвесторға шахтадағы қауіпсіздікті қамтамасыз етуге қомақты қаражат салу шарты алға тартылатынын атап өтті.


"Бұл мемлекет тарапынан қойылатын талаптардың бірі болады", - деп сөзін қорытындылады өңір басшысы.
Қарағанды

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Айдос Сұлтанғали Олимпиада жүлдегерін жеңіп, әлем чемпионатында қола медальға ие болды

"Аяз, тұман, көктайғақ". Дүйсенбіде еліміздің 16 өңірінде дауылды ескерту жарияланды

Almaty Open турнирі: Медведев екінші жыл қатарынан бас жүлдені қанжығалады