Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан Еуропаға "жасыл" энергия экспорттауды жоспарлап отыр

Сурет: pixabay
Қазақстан, Әзербайжан және Өзбекстан "жасыл" энергетика экспорты бойынша техникалық тапсырма мен бірлескен кәсіпорын дайындау жөнінде келісті, деп хабарлайды Zakon.kz.

Бұл келісім жөнінде ҚР Энергетика министрлігі мәлімдеді.

"Баку қаласында өткен Әзербайжан, Өзбекстан және Қазақстан энергетика және экономика министрлерінің Орталық Азия елдерінен Әзербайжан аумағы арқылы Еуропаға электр энергиясын экспорттау перспективаларын талқылау жөніндегі кездесуінде тиісті келісімге қол жеткізілді", – делінген хабарламада.

Кездесу қорытындысы бойынша ведомство басшылары бірлескен коммюникеге қол қойды, онда елдердің жаңартылатын энергия саласындағы әлеуетін және баламалы көздерден алынған электр энергиясын Еуропаға экспорттау жобасына қосылуға дайындығын атап өтті.

"Қатысушылар жаңартылатын энергия көздеріне баса назар аудара отырып, энергия алмасу саласындағы, жасыл сутегі мен жасыл аммиакты әзірлеу және экспорттау мүмкіндіктері және ілеспе инфрақұрылымдық саласындағы ынтымақтастық жөніндегі техникалық тапсырманы әзірлеу үшін бірлескен жұмыс тобын құру туралы келісімге келді".ҚР Энергетика министрлігінің баспасөз қызметі

Ведомство өкілдерінің мәлімдеуінше, әзірленген және бекітілген техникалық тапсырма негізінде алдын ала техникалық-экономикалық негіздемені дайындауға тендер жарияланады. Сондай-ақ қатысушылар жобаны іске асыру үшін бірлескен кәсіпорын құру перспективасын зерделеуге келісті.

Экономика және энергетика министрлері деңгейіндегі келесі кездесу Өзбекстан Республикасының Ташкент қаласында өтеді.

Әзірбайжан
Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астанада өрттен 11 жасар бала қаза тапты

Павлодар облысында мас жүргізуші ұсталды

-33 °C. ТЖМ алда келе жатқан аязды күндерге байланысты мәлімдеме жасады

"Боран соғып, аяз болады". Астана, Алматы және еліміздің 16 облысында дауылды ескерту жарияланды

Қазақстанда жекеменшік мектептер үшін жаңа мемлекеттік тапсырыс жүйесі іске қосылды