12 желтоқсан күні Ақорданың баспасөз қызметі хабарлағандай, марапаттау рәсімінде мемлекет басшысы бизнесті қолдау және Қазақстанға инвестиция тарту жөнінде маңызды мәлімдеме жасады.
"Жалпы, инвестиция тарту ісінде "бюрократияға мүлде жол жоқ – барынша нақты іс-әрекет" қағидаты басшылыққа алынуы қажет. Қолға алынған істің нәтижесі мемлекеттік аппараттың жіті назарында болуға тиіс", – деді президент.
Президент өзінің тапсырмасына сәйкес, өңдеу секторына қаржы салатын инвесторлар 2024 жылдан бастап үш жылға салықтан босатылатынын еске салды.
"Бұрын-соңды мұндай жүйелі шаралар болмаған әрі оның шешуші сипаты бар. Әйтпесе, инвестиция үшін өте жоғары халықаралық бәсекелестік қалыптасып тұрған жағдайда көздеген мақсатқа қол жеткізу қиынға соғады".Қасым-Жомарт Тоқаев
Тоқаев "Алтын сапа" және "Парыз" сыйлықтарының иегерлерін марапаттау рәсіміне қатысты.