Мереке күндері Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобильдерді өткізу бекеттері қалай жұмыс істейді

Сурет: gov.kz
Қазақстан – Қытай шекарасындағы атомобиль өткізу пункттері 2023 жылғы 16-17 желтоқсанда және 2024 жылғы 1-2 қантарда жұмыс істемейді, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекеттік кірістер комитеті өткізу пункттерінің алдында топталуға жол бермеу мақсатында, тасымалдаушыларды және мемлекеттік шекараны кесіп өтуге ниет білдірген өзге де адамдарды ауа райы жағдайларын ескере отырып, тасымалдау маршруттарын алдын ала жоспарлау және өткізу пункттеріне брондалған күні келу қажеттігі туралы хабардар етеді".ҚР ҚМ Мемлекеттік кірістер комитетінің баспасөз қызметі

Комитет Қазақстан – Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттері арқылы жүк автокөлік құралдарын өткізу "CarGoRuqsat" автоматтандырылған электрондық кезек жүйесінде өткізу күнін брондау арқылы іске асырылатынын еске салып өтті.

"Сондай-ақ екі мемлекет арасындағы келісімге сәйкес, 2023 жылғы 16-17 желтоқсанда Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнін және 2024 жылғы 1-2 қаңтарда Жаңа жылды мерекелеуге байланысты Қазақстан-Қытай шекарасындағы автомобиль өткізу пункттерінде адамдарды, көлік құралдары мен жүктерді өткізу жүзеге асырылмайтынын хабарлаймыз", – делінген хабарламада.

Қазақстан – Қытай шекарасындағы теміржол өткізу пункттері штаттық режимде жұмысын жалғастырады.



Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Бүгін түндердің сұлтаны - Қадір түні: дұғалар мен амалдар жиынтығы

Алматыда бірқатар шағын аудандар мен көшелердің атауы өзгерді 

Тоқаев референдум ашық әрі әділ болғанын айтты

Тоқаев: Енді 15 наурыз – Конституция күні болып белгіленеді

Рамазан-2026, Ораза және Құрбан айт: Қазақстандағы діни мерекелер кестесі жарияланды