Қуантыров: Санкцияға ұшыраған бір де бір отандық компания жоқ

Сурет: pixabay
Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 2023 жылы 20 желтоқсанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында журналистердің санкцияға ұшыраған отандық компанияға қатысты сұрақтарына жауап берді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Әлібек Қуантыров "Elem Group" компаниясына санкция салынбағанын, оған қатысты тек АҚШ сауда министрлігі белгілі бір шектеулер енгізгенін айтты.

"Бұл санкция емес, қайтара санкция салу да емес. Қазақстанда қосарлас санкцияға ұшыраған бір де бір компания жоқ. Бұл бағытта тиісті жұмыстар жүргізіліп жатыр. Негізінде, компаниялар қандай да бір заңсыз әрекеттер болған жағдайда қосарлас санкцияға ұшырауы мүмкін екенін жақсы біледі. Әрине, ондайдың болғанын ешкім қаламайды. Тиісті жұмыстарды әріптестерімізбен, оның ішінде Еуразия құрлығы бойынша да жүргізіліп жатыр. Ресей біздің стратегиялық сауда серіктесіміз және біз олармен де жұмыс істеп жатырмыз", - деп сендірді ҰЭМ басшысы.

Жалпы, Қазақстандағы жағдай "таза" деп бағаланады.

"Қосарлас санкцияға ұшыраған бір де бір белсенді қазақстандық компания жоқ, бұл тұрғыда біздің алаң таза", - деп сөзін түйіндеді Қуантыров.

Айта кетсек, Ұлттық экономика министрі Әлібек Қуантыров 20 желтоқсанда Астанада өткен баспасөз мәслихатында "Қазақстандағы бизнесті тексеруге енгізілген мораторий мерзімі тағы да ұзартылуы мүмкін бе" деген сауалға жауап берді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Мемлекет бизнес бастауға ниетті кәсіпкерлерге 1,7 млн теңге үлестіруде: өтінімдерді қашан және қайда өткізеді

"Шаңды дауыл, аптап ыстық, жаңбыр". Еліміздің басым бөлігінде дауылды ескерту жарияланды

Тоқаев сайлау туралы заңға түзетулерге қол қойды

700-ден астам ескертпе мен қате: Қазақстанда мектеп оқулықтары қашан жаңартылады

Ақмола облысында полицейлер биіктіктен секірмек болған қызды аман алып қалды