Смайылов медициналық кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару процесін жеделдетуді тапсырды

Сурет: primeminister.kz
ҚР Премьер-министрі Әлихан Смайылов орталық мемлекеттік органдар, Бас прокуратура, ҚМА, БҚДА және басқа да ведомстволар басшыларының қатысуымен Экономиканы демонополизациялау жөніндегі комиссияның кезекті отырысын өткізді, деп хабарлайды Zakon.kz.

Медициналық ұйымдарды жабдықтармен және техникамен жарақтандыру саласында жұмыс істейтін бұрын сенімгерлік басқаруға берілген кәсіпорынды мемлекет меншігіне қайтару мәселесі талқыланды, делінген Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жүргізілген тексеру нәтижесінде қазіргі уақытта компания мақсатты пайдаланылмай отырғаны, оның қазіргі жұмысы құрылтай құжаттарында жазылған мақсаттар мен міндеттерге сәйкес келмейтіні анықталды.

Премьер-министр кәсіпорынды Денсаулық сақтау министрлігінің қарамағына қайтару процесін жеделдету қажеттігін атап өтті, өйткені бұл отандық медициналық мекемелерді жаңғырту процесін жеделдетуге мүмкіндік береді.

Сонымен қатар отырыста Ақтау қаласы мен Маңғыстау облысының жылу көздерін газбен жабдықтау мәселелері, сондай-ақ сертификаттау бойынша қызмет көрсету нарығына монополияға қарсы тергеу жүргізу қорытындылары қаралды.

Қазақстан
Смайылов Әлихан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды

Алматыдағы таңғы жол апаты: Range Rover-дің рөлінде кім отырғаны белгісіз