Шымкенттегі мұнай өңдеу зауытында жоспарлы жөндеу жұмыстары басталды

Сурет: Zakon.kz/Павел Михеев
25 наурызда Шымкенттегі мұнай өңдеу зауыты жұмысын тоқтатты. Зауытта жоспарлы алдын алу жұмыстары басталды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Бұл жұмыс кәсіпорынның технологиялық қондырғыларын одан әрі қауіпсіз пайдалануды қамтамасыз ету үшін өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы азаматтық қорғау туралы заңды орындау мақсатында және ҚР Энергетика министрлігінің жоспарына сәйкес жүзеге асырылады. Зауытта жұмыс басталған уақытта ішкі нарыққа мұнай өнімдерін біркелкі тиеп жөнелту үшін барлық өнім желісінің жеткілікті қоры жинақталды", делінген "ҚазМұнайГаз" ұлттық компаниясының Telegram арнасында.

Павлодар мұнай-химия және Атырау мұнай өңдеу зауыттары штаттық режимде жұмыс істеп жатыр.

Айта кетсек, Шымкент МӨЗ - еліміздің халық саны көп, оңтүстік өңірдегі жалғыз мұнай өңдеуші зауыт.

Шымкент

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Қазақстанның жаңа Конституциясының толық мәтіні жарияланды

Алматыда 12 жастағы баланы өлтіріп кетті: күдікті – 13 жаста

1 шілдеден бастап БЖЗҚ салымшылары зейнетақы жинақтарының 50% жеке инвестициялық компанияларға бере алады

Қазақстанда 12 маусымда бірнеше қауіпті ауа райы құбылысы күтіледі

Қазақстанда "самокаттар" мен велосипедтерге де мемлекеттік нөмір тағу міндеттелуі мүмкін