Astana.tv мәліметінше, автогаз бекеттеріндегі кезек, кейбірінің тек талонмен газды босатуы - осы өңірде жыл сайын қайталатын құбылыс. Өңірге тамыз айына 12 мың 461 тонна автогаз бөлінген. Соның 11 мың тоннадан астамы бүгінде жанармай құю бекеттеріне таратылды. Қазір тапшылыққа байланысты зауыттардан қосымша сұйық отын сұратылып жатқан көрінеді.
"Қазіргі таңда бізде 1711 тонна қосымша бөлініп тұр. "СНПС Ақтөбе мұнайгаз", Казахойл және Жайық мұнай деген Батыс Қазақстан облысынан , оның 626 тоннасы тасымалданды. 1085 тоннасы жолда келе жатыр". Облыстық кәсіпкерлік басқармасының басшысы Алмас Салықбаев
Телеарнаның болжамынша, қыркүйек айында да осындай жағдай қайталануы мүмкін. Себебі мамандар Ақтөбе облысының негізгі сұйытылған газды тұтыну көлемі айына 15,16 тоннаға жететіндігін айтып отыр.