ҚТЖ өзінің еншілес ұйымынан 56 млн теңгенің ұрланғанын анықтады

Сурет: ҚТЖ баспасөз қызметі
"Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы өзінің еншілес компаниясына жүргізген аудит барысында көлемді сомадағы ақша ұрлау фактісін анықтады, деп хабарлайды Zakon.kz.
"ҚТЖ" ҰК" АҚ өзінің еншілес ұйымы – "ҚТЖ-Жүк тасымалы" ЖШС-ға қатысты жүргізген ішкі қызметтік тексеру нәтижелері бойынша 56 млн теңгеден астам ақша қаражатын ұрлау фактілерін анықтады. ҚТЖ материалдық залалды өтеу және кінәлі адамдарды анықтау мақсатында қылмыстық іс жүргізу заңнамасы шеңберінде шаралар қабылдау туралы құқық қорғау органдарына тиісті өтініш жолданды", делінген компания баспасөз қызметінің хабарламасында.

Тергеу шаралары жүргізілуде. 

ҚТЖ сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бастамашысы ретінде тергеп-тексеруге толық жәрдем көрсетеді.

Қазақстан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Астана, Алматы, Шымкент қалалары бойынша алдағы үш күнге арналған ауа райы болжамы

"Бірнеше өңірде күн күрт суытады". Еліміз бойынша 26 қазанға арналған ауа райы болжамы

Астана мен Алматыдағы ақша айырбас орындарындағы валюта бағамы - 25 қазан

Атырау облысының әкімі Болат Ақшолақов Мемлекеттік ту көтеру рәсіміне қатысты

Бурабайда тау басына шыққан ер адамның денсаулығы нашарлап, құтқару жасағы аяғынан тік тұрды