Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қызметінен босатылды

Сурет: kdb.kz
21 желтоқсанда Мемлекет басшысы Жарлығымен ҚР Премьер-министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі Нұрлан Байбазаров қызметінен босатылды, деп хабарлайды Zakon.kz.
"Мемлекет басшысының Жарлығымен Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымынан босатылды", делінген Ақорда хабарламасында.

Нұрлан Байбазаров 2024 жылы 6 ақпаннан бастап бүгінге дейін Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары - Ұлттық экономика министрі болып қызмет атқарып келді. Ол 1997 жылы Қазақ мемлекеттік басқару академиясын "Банк ісін ұйымдастыру" мамандығы бойынша бітірген.  Қазақ, орыс ағылшын тілдерін жетік біледі. "Ерен еңбегі үшін" медалімен марапатталған. Қаржы, экономика саласында 23 жылдық жұмыс өтілі бар. Әр жылдары "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ, "ҚазМұнайГаз Консалтинг" АҚ, "ҚазМұнайГаз" ҰК" АҚ сынды квазимемлекеттік секторда да жұмыс істеген. 

Айта кетсек, 20 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті Әлия Юсупованы қабылдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Әлия Юсупованы Қазақстан гимнастика федерациясының президенті болып қайта сайлануымен құттықтады.

Қазақстан
Молния
Байбазаров Нұрлан

Оқи отырыңыз

Жаңалықтан zakon.kz сайтында хабардар болыңыз:

Танымал жаңалықтар

Әр адамға 8 сағат ұйқы қажет емес: маман ұйқы режимі туралы айтты

9 қыркүйекте Астана, Алматы және Шымкенттегі ақша айырбастау орындарында валюта бағамы қандай

Желідегі видео: жолда көліктерімен ойына келгенін істеген топ жас полицияға жеткізілді

Әли Оқапов "Құрмет" орденіне қатысты дау-дамайдың салдары туралы айтты

Ержан Байтілес Қазақстан президенті баспасөз хатшысының орынбасары болды